«Аңсаған сәби»
«Аңсаған Сәби» мемлекеттік бағдарламасы 2020 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жарық көрді. Соның арқасында 2021 жылдан бері республикада 3000-нан астам бала дүниеге келді.
«Аңсаған Сәби» мүсіні жасуша деңгейіндегі мыңдаған жаңа өмірге бастау берген Қазақстандағы ЭКО негізін қалаушы, «құтыдан» шыққан тұңғыш қазақстандық баланың авторы, профессор, биология ғылымдарының докторы Салтанат Берденқызы Байқошқарованың қолының бедері негізінде жасалған.
Мүсін – ана болуды армандаған әрбір әйелдің жүрегінде үміт пен сенім отын жағу үшін қоладан жасалған мықтылық пен нәзіктіктің, сенім мен батылдықтың символы.